Мыңтөбе қорымынан табылған қаңқаларға антропологиялық және палеопаталогтялық зерттеулер жүргізілді

2022 жылы Мыңтөбе қорымындағы №6 және №7 обалардан табылған қаңқаларға антропологиялық және палеопаталогиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде №6 обада in situ табылған қаңқаның белінен грижа, бір саусағынан инфекция ізі анықталса,  №7 обадағы қаңқаның өмір сүрген кезінде әлеуметтік жағдайының төмен екендігі, көбінесе қатты дәнді дақылдармен қоректенгендігі, сол себепті тістерінің қатты мүжілгендігі анақталды. Сонымен қатар бұл қаңқадан анемия (қаны аздықтан бассүйегі қалындаған), шіліншік периоститі және буын ауруы (темперомандибулярлық буын) анықталды. Палеопаталогиялық зерттеулерді Түркиядағы Хитит Университетінің жас ғалымы PhD Эмель Ажар жүргізді.

№6 обадағы қаңқаның белінен анықталған грижа ізі
№6 обадағы қаңқаның саусағынан анықталған инфекция ізі