Радиоуглеродтық анализ жасалып обалардың обсолюттік мерзімі анықталды

2022 жылы Мыңтөбе қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аршылған обалардың абсолюттік хронологиясын анықтау мақсатында органикалық сынама үлгілеріне C14 сараптамасы жасалынды. Сараптама Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында «National Electrostatics Corporation, Model 3SDH-1 (UAMS)» қондырғысы арқылы жасалынды.

Нәтижесінде шартты түрде №6 деп белгіленген оба б.д. 317 жылына, ал № 7 деп белгіленген оба б.д. 272 жылына мерзімделді.