Жоба міндеттері

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

2.3.1. Мыңтөбе және Қаратөбе қорымының археологиялық картасын дайындау.

Іске асыру жолы: Лазерный тахеометр қолдана отырып цифрлық деректер жинақтау, CorelDraw, AutoCad және ArcMap сынды компютерлік бағдарламалар арқылы картаны дайындау.

Күтілетін нәтиже: Қорымдағы обалардың саны, пішіні, көлемі, биіктігі мен орналасуы жөнінде жаңа деректер алынады.     

2.3.2. Қорымдарда қазба жұмысын жүргізу.

Іске асыру жолы: Белгіленген кезендер бойынша Мыңтөбе мен Қаратөбе қорымындағы обаларда қазба жұмыстарын жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Обалардың құрылымдық ерекшелігі анықталады, жерлеу дәстүрі мен материялдық мәдениеті айқындалады.

2.3.3. Байырғы тұрғындардың археогенетикалық байланысын анықтау.

Іске асыру жолы: обалардан алынған материалдарға археогенетикалық зерттеулер жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Бір қабірде жатқан немесе екі бөлек қорымдағы қаңқалардың өз ара байланысы туралы деректер алынады. 

2.3.4. Байырғы тұрғындардың морфологиялық ерекшелігін анықтау.

Іске асыру жолы: обалардан алынған материалдарға антропологиялық зерттеулер жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Қаңқалардың жынысы, жасы мен денсаулық жағдайы анықталады.

2.3.5. Органикалық заттарға сынамалар жүргізу арқылы мерзімін анықтау

Іске асыру жолы: Радиокарбондық сынама жүргізіледі.

Күтілетін нәтиже: Обаның абсолютті мерзімі анықталады

2.3.6. Археологиялық материалдардың құрамын анықтау

Іске асыру жолы: рентген флуоресцентті (XRF) талдаулар жасау

Күтілетін нәтиже: Метальдан және саздан жасалған заттардың құрамы анықталады. Осы арқылы шикізат көзінің қайда екендігін айқындауға мүмкіндік туады.

2.3.7. Археологиялық материалдарды зерттеу, өңдеу және талдау

Іске асыру жолы: сабақтас пәндердің мамандары мен реставраторларды тарта отырып зерттеулер жүргізу. Артефактілерді химиялық тазарту, консервациялау, жетіспейтін бөліктерді қайта жаңарту (қажет болған жағдайда), толық фотофиксациясын жасау.

Күтілетін нәтиже: заттарды зерттеу барысында жаңа және толық ақпарат алу, материалдарды мерзімдеу.

2.3.8. Мұражай экспозицияларын ғылыми зерттеулер нәтижесінде табылған артефактілермен толықтыру.

Іске асыру жолы: камералдық зерттеулер аяқталғаннан кейін (егжей-тегжейлі сипаттау, артефактілерді фотофиксациялау, камералдық өңдеу өткізу) артефактілерді музей қорына өткізу.

Күтілетін нәтиже: Аймақтағы музей қоры жаңа артефактілермен толықтырылады.

2.3.9.  Мыңтөбе және Қаратөбе қорымын тарихи-мәдени мұра объектісі ретінде сақтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Іске асыру жолы: ескерткіштерді консервациялау және музейлендіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді, қорымға туристер келіп, тамашалау үшін сағаналар ашу.

Күтілетін нәтиже: ұсынымдар өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.

Миссия

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Көру

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Құндылықтар