ЖӘДІГЕРЛЕР

Атауы, қысқаша сипаттамасы. Материалы, орындалу техникасы, өлшемі, мерзім  Саны Табылған жері/оба Есептік тіркелімнің белгіленуі/тіркеу шифрі Сурет Сақталуы
1

Құмыра. Шарықта пошымдалған

Биіктігі 13 см,  түбінің диаметрі 6,5 см, Бүйірінің диаметрі 12 см, мойнының биіктігі 3 см, ернеуінің диаметрі 8 см. Қалындығы 1 см. Ернеуінен төмен бүйіріне дейіңгі бөлігіне қызыл ангоб жағылған. Б.з. III ғғ. мерзімделеді.

1 №7 оба MT-2022-1/K7 Тұпнұсқа, сақталуы жақсы
2

Шүмекті құмыра.

Биіктігі 40 см, түбінің диаметрі 22 см, Бүйірінің диаметрі 30 см, мойнының биіктігі 5 м, ернеунің диаметрі 13 см. Сыртқы бетіне батырып сызу арқылы толқынды өрнек салынған. Шардара маңындағы Ақтөбе қалашығының жоғарғы қабатынан осыған ұқсас шүмекті құмыралар көптеп табылған. Б.з. III ғғ. мерзімделеді.

1 №7 оба MT-2022-2/K7 Тұпнұсқа, сақталуы нашар
3

Көзе.

Сырты қарайып отқа күйген. Қолда пошымдалған. Қамырына ірі тас, шамот қосылға. Биіктігі 22,5 см, түбінің диаметрі 20 см, Бүйірінің диаметрі 24 см, мойнының биіктігі 3 см, ернеуінің диаметрі 20 см. Ернеуінің астыңғы жағына жиектетіле көлденең бағытта шымшыма түрінде өрнек түсірілген. Садыр-Курган және Шаншар-Асаршықтан табылған саз ыдыстардың ернеуінің астына да шымшыма түрінде өрнектер түсірілген. Б.з. Ш ғғ. мерзімделеді

1 №7 оба MT-2022-3/K7 Тұпнұсқа, сақталуы нашар
4 Тау хрусталінен жасалған мөлдір моншақ. Ортасында жіпке тізетін тесігі бар. Диаметрі 1 см. Б.з. IV ғасырына мерзімделеді.

№6 оба,

2-сағана

MT-2022-1/K6 Тұпнұсқа, сақталуы  жақсы
СуретСуретСурет
1611
2712
3813
49  
510