Ғалымдарымыз шет елдік генетиктермен әріптестік орнатты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылған AP13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Мыңтөбе қорымында қазба жүргізу және аршылған қаңқалардың генетикасын анықтау мақсат етілген болатын. Осыған орай үстіміздегі жылы Түркиядағы Хажеттепе университетінің ғалымдарымен өз ара ынтымақтастық орнатылып 2022 жылы аршылған қаңқалардан алынған сынамаларды зерттеу жағы талқыланды.