PhD доктор Слепченко Сергей Михайлович іс-сапары

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру бойынша қаржыландырылған (келісім-шарт №116-КМУ3 20.05.2022 ж.) «№АР13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» жобасы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті Археология ғылыми-зерттеу институтына, әріптестік орнату, археопаразиттік зерттеулерді жүргізу және тәжірибе алмасу мақсатында Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесіне қарасты Тюмень Федералдық ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері археопаразитолог PhD доктор Слепченко Сергей Михайлович келді. Іс-сапар барасында М.Бахтыбаев, С.Мургабаев, М.Гурсой және Ф.Саржанов Түркістан өңіріндегі археологиялық нысандарды аралап алдағы уақытта атқарылатын жобалар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар М.Гурсой және Ф.Саржановтың ұйымдастырумен университетіміздің тарих және медицина факультетінде оқитын студенттеріне «Археопаразитология» тақырында семинар берді. Жиын соңында студенттер тақырыптың қызықты екендігін тілге тиек етіп бір қатар сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Іс-сапар соңында Слепченко Сергей Михайлович университетіміздің Ғылым  және стратегиялық даму вице-ректоры А.Ошибаевамен кездесіп университеттің лабораториясы мен инфрақұрылымының археопаразиттік зерттеулерді жүргізуге толықтай мүмкіндігінің бар екендігін баяндады.  Кездесу соңында тараптар ынтымақтастыққа қол қойды.

Слепченко Сергей 1
Слепченко Сергей 2
Слепченко Сергей 3
Слепченко Сергей 4
previous arrow
next arrow
Слепченко Сергей 1
Слепченко Сергей 2
Слепченко Сергей 3
Слепченко Сергей 4
previous arrow
next arrow
Shadow