qazaqstan.tv_Қаңлы дәуіріне тиесілі қалашық табылды

Келес өзенінің Сырдарияға құяр тұсындағы бұл аумақты жұрт Мыңтөбе қорымы деп атап кеткен. Себебі бұл жерде 600-ден аса қорым мен оба бар. Әлі күнге дейін зерттелмеген аумақтан археологтар ІІ-ІV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапты. Көне мұра қаңлы дәуіріне тиесілі. Ондағы обалардың ерекшелігі, жерлеу дәстүрі байырғы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік бермек. https://qazaqstan.tv/news/184101/