«А. Х. Марғұлан оқулары 2023» атты халықаралық ғылыми конференция

Сәуір айының 30-31 жұлдыздарында Алматы қаласындағы А. Х. Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен «А. Х. Марғұлан оқулары 2023» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Археология ғылыми – зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері қатысты. Ғылыми қызметкерлеріміз институт тарапынан орындалып жатқан «AP13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» атты ғылыми жобалардың нәтижелерін баяндап ғылыми көпшілік алдында талқылап қайтты.