Лабораториялық зерттеулер

Лабораториялық зерттеулер

Мыңтөбе қорымынан табылған саз ыдыс бөліктеріне XRF Анализдері жасалды

2022 жылы Мыңтөбе қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған саз ыдыстардың бөліктері археометриялық әдістермен зерттелді. Керамикалардың түсі сандық колориметрмен (colormetre) және керамиканың қалыңдығы сандық қалыңдық өлшегішпен (thicknessmeter) анықталды. Археометриялық зерттеулер барысында үлгілердің петрографиялық қасиеттеріне жіңішке кесінділердегі оптикалық микроскопиялық талдау жасалынды, ал үлгілердің химиялық құрамын анықтау мақсатында поляризацияланған энергетикалық дисперсиялық рентгендік флуоресценция (PED-XRF) және SEM-EDX …

Мыңтөбе қорымынан табылған саз ыдыс бөліктеріне XRF Анализдері жасалды Читать полностью »

Радиоуглеродтық анализ жасалып обалардың обсолюттік мерзімі анықталды

2022 жылы Мыңтөбе қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аршылған обалардың абсолюттік хронологиясын анықтау мақсатында органикалық сынама үлгілеріне C14 сараптамасы жасалынды. Сараптама Түркия Республикасындағы «ТУБИТАК МАРМАРА» зертханасында «National Electrostatics Corporation, Model 3SDH-1 (UAMS)» қондырғысы арқылы жасалынды. Нәтижесінде шартты түрде №6 деп белгіленген оба б.д. 317 жылына, ал № 7 деп белгіленген оба б.д. 272 жылына …

Радиоуглеродтық анализ жасалып обалардың обсолюттік мерзімі анықталды Читать полностью »

Мыңтөбе қорымынан табылған қаңқаларға антропологиялық және палеопаталогтялық зерттеулер жүргізілді

2022 жылы Мыңтөбе қорымындағы №6 және №7 обалардан табылған қаңқаларға антропологиялық және палеопаталогиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде №6 обада in situ табылған қаңқаның белінен грижа, бір саусағынан инфекция ізі анықталса,  №7 обадағы қаңқаның өмір сүрген кезінде әлеуметтік жағдайының төмен екендігі, көбінесе қатты дәнді дақылдармен қоректенгендігі, сол себепті тістерінің қатты мүжілгендігі анақталды. Сонымен қатар бұл қаңқадан анемия …

Мыңтөбе қорымынан табылған қаңқаларға антропологиялық және палеопаталогтялық зерттеулер жүргізілді Читать полностью »