Лабораториялық жұмыстар

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылған AP13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Мыңтөбе қорымында қазба жүргізу және аршылған қаңқалардың ішек құрылысындағы бұрыңғы паразиттерін анықтау мақсат етілген болатын. Осы мақсатқа сәйкес PhD доктор Саржанов Фахреддин алынған сынамалар бойынша анализ жасауды бастап кетті. Лабораториялық жұмыстар жемісті болады деген үміттеміз. Алдағы уақытта ғылыми нәтижелерді Сіздермен бөлісетін боламыз.