Жоба туралы

Мыңтөбе, Қаратөбе

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ

   Келес өзенінің төменгі ағысындағы Мыңтөбе, Қаратөбе қорымдарында қазба жүргізу, жерлеу дәстүрін, материалдық құндылықтарын, заттардың құрамын және мерзімін анықтау; антропологиялық зерттеулер жүргізу, қаңқалардың морфологиялық ерекшеліктерін, жынысын, жасын, денсаулық жағдайын анықтау; қаңқаларға археогенетикалық сынамалар жасау арқылы бір қабірде жатқан қаңқалардың байланыстарын нақтылау болып табылады.
Жобаны іске асыру обалардың құрылымдық ерекшелігін, мерзімін, жерлеу дәстүрін, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, көрші аймақтармен қатынасын, бір қабірде немесе екі бөлек қорымда жерленгендердің генетикалық байланысын, морфологиялық ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Жоба табысты іске асырылған жағдайда Қазақстан археологиясының дамуына, тарихының түйіткілді мәселелерінің шешілуіне, ұлттық мәдеиетпен ұлттық сананың одан әрі жетілуіне үлес қосады. Бұл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрініс тапқан міндеттердің бірі. Сонымен қатар Елбасы 23 қараша 2021 жылы жастарға үндеу жасап «Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз. Болмысы ерекше, рухани-мәдени мұраларға бай халықпыз. Қазіргі таңда жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек. Мұндай қасиеттер тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді» деп  жалпы мәдени құндылықтарымыздың маңыздылығына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан шахары археологиялық тұрғыдан толық зерттелмегендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар  Түркістан аймағында археологиялық зерттеулер жүргізудің орынды әрекет болатындығын ескертті. Ал, 2021 жылы 7 қазан күні бекіткен Ұлттық жобалар тізбесіне «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын енгізді. Демек ұсынылып отырған жоба мемлекеттің даму стратегиясына да сәйкес келеді.

Жұмыс барысында археологияның дәстүрлі әдістерімен қатар, пәнаралық зерттеулер жүргізіледі. Оның ішінде жаратылыстану ғылымы мен компютерлік технологияларға сүйену көзделуде. Қазба жүргізілген аймақтағы байырғы тұрғындардың морфологиялық ерекшелігін анықтау мақсатында антропологиялық, өз ара туысқандық қатынастырды анықтау үшін археогенетикалық сынамалар, ауруын анықтау үшін микробиологиялық сынамалар, заттай деректердің құрамын анықтау мақсатында рентген флуоресцентті талдаулар (XRF) мен қатар ескерткіштің жасын анықтау үшін органикалық табылымдарға радиокарбондық сынама жасалынатын болады.

Жобаны жүзеге асыру кезінде Мыңтөбе, Қаратөбе қорымдарында зерттеулер жүргізіледі, обалардың архитектуралық ерекшелігі, мерзімі анықталады, бір қабірден алынған деректерді былай қойғанда, басқа да обалардан алынған деректер өз ара салыстырылып аталмыш аймақтың туысқандық байланысы айқындалады, заттай деректер арқылы тұрғындардың көрші мемлекеттермен жасасқан экономикалық байланыстары, әлеуметтік жағдайы нақтылана түседі. Заманауи зерттеу әдістері арқылы археологиялық материалдар сарапталады, өңделеді және анализ жасалынады. Музейлердің экспозициялары артефактілермен толықтырылады.

Мыңтөбе & Қаратөбе

Mission

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Vision

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.

Values