ЖӘДІГЕРЛЕР
№ | Атауы, қысқаша сипаттамасы. Материалы, орындалу техникасы, өлшемі, мерзім | Саны | Табылған жері/оба | Есептік тіркелімнің белгіленуі/тіркеу шифрі | Сурет | Сақталуы |
1 |
Құмыра. Шарықта пошымдалған Биіктігі 13 см, түбінің диаметрі 6,5 см, Бүйірінің диаметрі 12 см, мойнының биіктігі 3 см, ернеуінің диаметрі 8 см. Қалындығы 1 см. Ернеуінен төмен бүйіріне дейіңгі бөлігіне қызыл ангоб жағылған. Б.з. III ғғ. мерзімделеді. |
1 | №7 оба | MT-2022-1/K7 | ![]() |
Тұпнұсқа, сақталуы жақсы |
2 |
Шүмекті құмыра. Биіктігі 40 см, түбінің диаметрі 22 см, Бүйірінің диаметрі 30 см, мойнының биіктігі 5 м, ернеунің диаметрі 13 см. Сыртқы бетіне батырып сызу арқылы толқынды өрнек салынған. Шардара маңындағы Ақтөбе қалашығының жоғарғы қабатынан осыған ұқсас шүмекті құмыралар көптеп табылған. Б.з. III ғғ. мерзімделеді. |
1 | №7 оба | MT-2022-2/K7 | ![]() |
Тұпнұсқа, сақталуы нашар |
3 |
Көзе. Сырты қарайып отқа күйген. Қолда пошымдалған. Қамырына ірі тас, шамот қосылға. Биіктігі 22,5 см, түбінің диаметрі 20 см, Бүйірінің диаметрі 24 см, мойнының биіктігі 3 см, ернеуінің диаметрі 20 см. Ернеуінің астыңғы жағына жиектетіле көлденең бағытта шымшыма түрінде өрнек түсірілген. Садыр-Курган және Шаншар-Асаршықтан табылған саз ыдыстардың ернеуінің астына да шымшыма түрінде өрнектер түсірілген. Б.з. Ш ғғ. мерзімделеді |
1 | №7 оба | MT-2022-3/K7 | ![]() |
Тұпнұсқа, сақталуы нашар |
4 | Тау хрусталінен жасалған мөлдір моншақ. Ортасында жіпке тізетін тесігі бар. Диаметрі 1 см. Б.з. IV ғасырына мерзімделеді. |
№6 оба, 2-сағана |
MT-2022-1/K6 | ![]() |
Тұпнұсқа, сақталуы жақсы |