Skip to content
myntobe.kz
  • Басты бет
  • Жоба туралы
    • Жобаның міндеттері
  • Жарияланымдар
    • Жаңалықтар
    • Лаб. зерттеулер
    • Жәдігерлер
  • Байланыс
  • Қазақ тілі
    • Русский
    • English
myntobe.kz
  • Басты бет
  • Жоба туралы
    • Жобаның міндеттері
  • Жарияланымдар
    • Жаңалықтар
    • Лаб. зерттеулер
    • Жәдігерлер
  • Байланыс
  • Қазақ тілі
    • Русский
    • English
№6 оба
№7 оба
№8 оба
№9 оба
№10 оба
№11 оба
№12 оба
№6 оба

2022 жылы Мыңтөбе қорымындағы №6 обада қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл оба қорымның солтүстік-шығыс бөлігіндегінен басталып, оңтүстікке бақыттала орналасқан биік төбенің солтүстік жиегінде, №5 обаның солтүстігінде 23 м қашықтықта орналасқан. Обада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде жер бетіне салынған шеңбер пішінді наус анықталды. Камераның ішкі кеңістігінен баяғы қалпында жатқан бір қаңқа мен шашылып жатқын адам сүйектері анықталды (1-2 суреттер). Наустың ерте кезде тоналғандығы белгілі болды. Осыған ұқсас жерлеу құрылыстары Арыс өзені жағасындағы Бөріжар қорымынан, Түркістан аймағындағы Шаға мен Сидақ қорымдарынан аршылған. Алынған мәліметтер наустардың құрылыс ерекшелігін, жерлеу дәстүрін айқындауға мүмкіндік береді.


1-сурет. Наусты көрінісі


2-сурет. Камерадағы қаңқаларды тазалау сәтінен көрініс

№7 оба

2022 жылы Мыңтөбе қорымындағы №7 обада археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл оба қорымның оңтүстік батысындағы жыраның жағасында, солтүстік шығыстан, оңтүстік батысқа қарай еністеу келген жерде орналасқан. Пішіні тамшы тәрізді. Лазерный тахеометрмен өлшегенде, диаметірінің 14 м, биіктігінің 1,30 м екендігі анықталды. Қазба жұмысы барысында обаның дәл орта тұсында, жер беті деңгейінен үш дана саз ыдыс табылды. Бұлардың біреуі шарықша жасалып, сырты қызыл ангобпен көмкерілген. Сонымен қатар реперлік нүктеден шамамен 5 м теренде «Т» түріндегі катакомбалық қабір аршылды. Камераның ішкі кеңістігінен бір дана қаңқа табылды. Обаның орта тұсынан табылған саз ыдыстардан бөлек жанына ешқандай о дүниелік зат салынбағандығы белгілі болды (1-3 суреттер).

1-сурет. Қазбаға дейінгі көрініс.

2-сурет. Обаның орта тұсынан, жер бетінен табылған саз ыдыстар.

3-сурет. Камерада жатқан қаңқа.

№8 оба

2023 жылы Мыңтөбе қорымында археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жаңа ғылыми нәтижелер алынды. №8 обадағы қазба жұмыстары барысында камера ішінен жекелеген адам сүйектері мен қатар бір дана тоға табылды.  Өкінішке орай бұл обаның өз кезеңінде тоналғандығы белгілі болды.

№8 обаның қазбаға дейіңгі көрінісі

№8 обаның қазбаға дейіңгі көрінісі

№8 обадан табылған тоға

№8 обадан табылған тоға

№8 обадан табылған тоғаның тазаланғаннан кейіңгі көрінісі

№9 оба

№9 обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде катакомб қабір анықталды. Қабірдің ішкі кеңістігін тазалау кезінде ромб қалпында жатқан бір қаңқа табылды. Қаңқаның  иық тұсына бір құмыра мен бір тостақ салынған. Бұл қаңлылардың дүниетанымын айғақтайтын құнды табылымдардың бірі болып отыр. Қазба жұмысы барысында негізгі камерадан бөлек №9 обаның дромосының оң жақ қапталынан жанама қабір (подбой) анықталды. Бұл бұрын соңды белгісіз жаңалық болып отыр. Бір обаның астында негізгі камерадан бөлек дромоста жанама қабірдің табылуы қаңлы кезеңіндегі қабірлерді жаңа қырынан көрсетіп берді.

№9 обада ромб қалпында жатқан қаңқа

№9 обаның дромосының оң жағынан табылған жанама қабір

№10 оба

№10 обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде дәл №9 обадағы сияқты негізгі камерамен қоса жанама қабір анықталды. Негізгі камераның ішкі кеңістігін тазалау кезінде ромб қалпында жатқан бір қаңқа табылды. Қаңқаның оң иық тұсына жартыкеш құмырамен қоса қойдың кәрі жілігі (асықты жілік) салынған. Бұл қаңлылардың дүниетанымын айғақтайтын құнды табылымдардың бірі болып отыр. Қазба жұмысы барысында негізгі камерадан бөлек №10 обаның дромосының сол жақ қапталынан жанама қабір (подбой) анықталды. Қаңқаның бас жағына жартыкеш саз ыдыс бөлігі мен бір бүтін құмыра салынған. Бұл жерде жатқан қаңқаның негізгі камерадағы қаңқамен туысқандық байланысы болуы мүмкін.

№10 обада негізгі камерада ромб қалпында жатқан қаңқа

№10 обадағы дромостың сол қапталынан табылған жанама қабір

№10 обадағы дромостың сол қапталынан табылған жанама қабір

№11 оба

№11 обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде катакомб қабірі анықталды. Камераның ішкі кеңістігін тазалау кезінде шалқасынан созылыңқы қалыпта жатқан бір қаңқа табылды. Қаңқаның бас жағынан бір құмыра, бір торсық тәрізді (фляга) саз ыдыс, тастан жасалған ұршық бас және көлемі кіші аластау ыдысы (курилница) табылды. Бұл қаңлылардың дүниетанымын айғақтайтын құнды табылымдар болып отыр.

№11 обада жатқан қаңқа

№11 обадан табылған аластау ыдысы

№12 оба

№12 обада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде катакомб қабірі анықталды. Камераның ішкі кеңістігін тазалау кезінде шалқасынан созылыңқы қалыпта жатқан бір жас жеткіншектің қаңқасы анықталды. Қазба жұмысы барысында камераға кіреберіс ауыздан көлемі кіші қола қоңырау табылса, камерадан қоладан жасалған жүзік, қола әшекей бұйым, тастан жасалған құс бейнесінде моншақ (тұмар), екі дана саз ыдыс (біреуі торсық тәрізді) табылды. Бұл заттар Мыңтөбеліктердің материалдық мәдениетін айғақтайтын құнды деректер болып табылады.

№12 обадан табылған қаңқа мен тарту таралғылар

161200—161205, Түркістан қаласы,
Бекзат Саттарханов
даңғылы, 29

Email

about us

  • Company Profile
  • CSR Initiatives
  • Read Articles
  • Media Kit

connect

  • Employee Portal
  • Customer Portal
  • Offices
  • Know More

©Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті | myntobe.kz | 2025