Қаратөбе қорымы Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Қаратөбе ауылының батыс іргесінде орналасқан. Географиялық координаты: N 41°04.45.28, E 68°40.14.04, теңіз деңгейінен биіктігі – 290 м. Қаратөбе қорымы Келес ауданына қарасты Қаратөбе ауылының батыс жақ іргесінде, Келес өзенінің оң жақ бетінде су баспайтын биік терассада, Шымкент-Жетісай тас жолы жағасында орналасқан. Қорым орналасқан аймақ жер телімі ретінде беріліп үстіне тұрғын үйлер салынған. Салдарынан көптеген курган жойылып кеткен. Бұл қорымнан оңтүстікке қарай 8000 м жерде Мыңтөбе қорымы орналасқан. Қаратөбе қорымындағы кургандардың пішіні мен тізбектелуі Мыңтөбе қорымындағыларға ұқсас келеді.