Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы»

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» бірлесе отырып, «Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін: зерттеу және сақтау мәселелері» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.
«Археологтар» күніне орай ұйымдастырылған шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, т.ғ.к. Авизова Айман Қарайдарқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Археология ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерлері, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Сыздықов Бақдәулет Сапарбекұлы мен Музаффер Гурсой, «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығының бөлім меңгерушісі Жұмабек Ташбаевтар қатысты.
Аталған шара аясында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, археолог Ержігітова Айсұлу Асқарқызы «Отырар» музей-қорығы тарапынан қойылған көрмеге көпшілік назарын аударып, ұйымдастырылып отырған шараның мән-маңызына тоқталып өтті.
Облыс көлемінде ұйымдастырылып отырған шарада Музаффер Гурсой «Қаратөбе қорымында 2024 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысының нәтижесі», Отырар музей-қорығы, «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Зияев Мейірхан Нұржанұлы «Отырардың тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулері», «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығының бөлім меңгерушісі Жұмабек Ташбаевтың «Төлебай обалы қорымындағы зерттеу нәтижелері» тақырыбында дайындаған баяндамаларын оқып, зерттеу нәтижелері мен жеткен жетістіктерін насихаттады.
Шараны қорытындылай келе Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Баян Елеусізқызы шараға қатысушыларды құттықтай отырып, осындай ауқымды шараларды көптеп өткізуді қолға алуды ұсынды.

f1
f2
f3
f4
f5
f6
f7
f8
f9
f10
f11
f12
f13
f14
previous arrow
next arrow
f1
f2
f3
f4
f5
f6
f7
f8
f9
f10
f11
f12
f13
f14
previous arrow
next arrow

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *