2022 жылы Мыңтөбе қорымында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған саз ыдыстардың бөліктері археометриялық әдістермен зерттелді. Керамикалардың түсі сандық колориметрмен (colormetre) және керамиканың қалыңдығы сандық қалыңдық өлшегішпен (thicknessmeter) анықталды. Археометриялық зерттеулер барысында үлгілердің петрографиялық қасиеттеріне жіңішке кесінділердегі оптикалық микроскопиялық талдау жасалынды, ал үлгілердің химиялық құрамын анықтау мақсатында поляризацияланған энергетикалық дисперсиялық рентгендік флуоресценция (PED-XRF) және SEM-EDX сараптамалары жасалынып, талданды.
Мыңтөбе қорымындағы обалардан алынған саз ыдыс үлгілеріне жасалған археометриялық зерттеу жұмыстары Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Өнер факультеті, Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру бөлімі, Тарихи материалдарды зерттеу және консервациялау зертханасында (MAKLAB), аталмыш университетке қарасты «REDEVIO AR-GE Bilgi ve Operasyon Teknolojileri» зертханасында және Анкара университетінің Жер туралы ғылымдарды қолдану және зерттеу орталығы (YEBİM) зертханаларында жүргізілді. Сонымен қатар, керамика үлгілерінің SEM-EDX сараптама жұмыстары Анкара Йылдырым Беязыт университетінің Орталық зерттеу зертханасының қолданбалы және зерттеу орталығында (AYBU MERLAB) жүргізілді.