ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылған AP13068455 «Келес өзенінің төменгі ағысындағы обаларды археологиялық және пәнаралық ғылымдар аясында зерттеу» жоба аясында Мыңтөбе қорымында қазба жұмыстары жүргізілді. Жобаның мақсатына сәйкес табылған саз ыдыстардың химиялық құрамын анықтау мақсатында Түркиядағы Қажы Байрам Вели университетінің ғалымы Али Акын Акиолмен өз ара ынтымақтастық орнатылды. Ғалымдарымыз аталмыш университтің лабораториясымен танысып тәжірибе алмасты.